Ауаға ластаушы заттар тарады: өрттен кейін мұнай компаниясына айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысындағы Құлжан кен орнында болған өрттен кейін мұнай компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында нысанда экологиялық талаптардың сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, өрт 2026 жылғы 7 тамызда болған. Оқиғадан кейін жүргізілген тексеру барысында өрт кезінде ауаға түтін мен түрлі жану өнімдері тарағаны анықталды. Яғни, атмосфераға ластаушы заттар (авариялық эмиссия) мөлшерден көп шығарылған.

Авариялық эмиссия – авария немесе технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болжанбаған түрде ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылар нормативтерінен едәуір асып кетіп, қоршаған ортаға таралуы.

"Тексеру барысында мамандар Құлжан кен орнындағы "Мұнайды тапсыру пункті" нысанының операторы болып табылатын "Meerbusch" ЖШС-нің экологиялық рұқсатта көзделген қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағанын анықтады", – деп хабарлады Экология департаменті.

Тексеру қорытындысы бойынша нысан операторы ҚР ӘҚБтК-нің 326-бабының 1-бөлігі ("Экологиялық рұқсат шарттарын орындамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға 648 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске салайық, 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қызылорда қаласында 120 тонна мұнай өнімі өртенген. Өрт мұнай өңдеу зауытында болып, жалынның таралу қаупі туындады. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз