Алматыда Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде түнде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Жұмыс жүргізу мерзімі технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @Almaty_Joly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді