"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, елдегі ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Солтүстікте жылы әрі құрғақ күндерден кейін күн айтарлықтай салқындайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал еліміздің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.
Батыс өңірлерде ауа райы біртіндеп тұрақталады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріле бастайды.
Күндіз солтүстікте ауа температурасы +13...+20°С-қа дейін, орталық өңірлерде +15...+25°С-қа дейін төмендейді. Батыста күн біртіндеп жылынып, ауа температурасы +20...+30°С-қа дейін көтеріледі.
Қазақстан бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.