2026 жылғы 11 қыркүйекте қазақстандық Instagram парақшасында видео жариялады. Ол 14 жасында YouTube-тың "алтын батырмасын" алғанын атап өтті. Ал 17 жасында беделді Forbes Kazakhstan-ның "30 жасқа дейінгі 30" рейтингіне енген.
YouTube-тың "алтын батырмасы" – видеосервис 1 миллион жазылушыдан асқан арна авторларына табыстайтын ресми марапат.
"Жұрттың бәрі осы жетістіктерге жалғыз өзім жеттім деп ойлайды. Бірақ олай емес. Бұл жетістіктің артында мен және менің ағам тұр. Біз бірге көп еңбектенеміз. Фудблог жүргізу – өте қиын", – деді Тантаев.
Сондықтан осынша еңбектен кейін ағасы екеуі Дубайға барып демалып қайтқан.
Тантаев аспаздыққа 11 жасында қызығып, алғашқы видеоларын түсіре бастаған. Кейбір мұғалімдері мен "тамақ дайындау – ер адамның ісі емес" деген пікірдегі скептиктердің сынына қарамастан, ол сүйікті ісін тастаған жоқ.
Өз блогы мен коммерциялық жобаларының арқасында жас аспаз өз күшімен пәтер, көлік сатып алып, түсірілімге арналған заманауи асүй жабдықтаған.
Оның басты мақсаты – әлемдегі №1 шеф-аспаз атану.
Соңғы мәліметтер бойынша, оның YouTube арнасына 4 миллионнан астам адам жазылған, ал Instagram-дағы аудиториясы 2 миллионнан асады.