Алматы мен Алматы облысындағы ондаған тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Фото: Zakon.kz
Алматы мен Алматы облысындағы кейбір тұрғын үй кешендері электр энергиясының ақысын төлеу бойынша қомақты қарыз жинаған. Осыған байланысты "АЖК" АҚ филиалы – "Энергосбыт" 11 қыркүйекте ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап электр энергиясы бойынша қарызы бар тұрғын үй кешендерінің басқарушы компанияларына қатысты заңда және шарттарда көзделген шаралар қолданылады. Оның ішінде электр энергиясын беруді шектеу немесе толық тоқтату да қарастырылған.

"Қазір тұтынылған электр энергиясы үшін төлем мәселесі күрделі жағдайда тұр. Электр энергиясымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету, әсіресе жылыту маусымы қарсаңында, тұтынылған энергияның ақысын уақытылы төлеу маңызды", – деп атап өтті компания.

Компания тұрғындардың есепшот түбіртектеріндегі ақпаратқа назар аудару қажеттігін де ескертті.

Тұрғындар өз үйлерінің қарызын көріп, бақылауы үшін 2026 жылғы тамыздан бастап түбіртекке ОСИ, КСК немесе басқарушы компанияның электр энергиясы бойынша берешегі туралы қосымша жол енгізілген.

"Егер түбіртектен үйіңіз бойынша қарыз бар екенін көрсеңіз, оның пайда болу себебі мен өтелу мерзімін анықтау үшін ОСИ-ге, КСК-ға немесе басқарушы компанияға жүгінуді ұсынамыз. Қолданыстағы қарызды уақытылы өтеуді және оның қайта жиналуына жол бермеуді сұраймыз", – деді "АЖК" филиалы.

Компания 2026 жылғы 14 қыркүйекте электр энергиясы өшірілуі мүмкін Алматы мен Алматы облысындағы қарызы бар тұрғын үй кешендері мен шағынаудандардың тізімін жариялады:

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды