"Сұмдық кептеліс" Астанадағы қозғалысты тұралатып тастады: тұрғындар жұмысқа жаппай жаяу барды

Фото: pixabay
2026 жылғы 15 қыркүйек күні таңертең Астана тұрғындары Сығанақ көшесіндегі қалың кептеліске байланысты автобустардан түсіп, жұмысқа жаяу баруға мәжбүр болды. Кептеліске үш көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кептелісте тұрған автобустардың жанынан жаяу өтіп бара жатқан астаналықтардың видеосын Astanovka 98 Telegram-арнасы жариялады.

Тұрғындардың айтуынша, "Зеленый квартал" тұрғын үй кешені маңында көлік қозғалысы толық тоқтап қалған.

"Астаналықтар таңертең кептеліске байланысты автобустардан түсіп, жұмысқа жаяу жаппай бара жатты. Оқырмандар Сығанақ көшесінің "Жасыл орам" маңында апат болғанын, соның салдарынан сұмдық кептеліс пайда болғанын жазды. Сондай-ақ тұрғындар бұл көшеде LRT құрылысы басталғалы бері таңертең жұмысқа жету қиындап, жолға көп уақыт кететінін атап өтті", – делінген паблик жазбасында.

Кептелістің нақты себебін Zakon.kz редакциясына құқық қорғау органдары түсіндірді. Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарына байланысты жолдың тарылуына жол-көлік оқиғасы қосылған.

"15 қыркүйекте Сығанақ және Төле би көшелерінің қиылысында үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына полиция наряды дереу жіберілді. Кінәлі жүргізушіге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты