Бұл туралы 2026 жылғы 15 қыркүйекте облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 2021 жылы 45 жастағы көпбалалы ана алты жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол бес танысын алдап, олардан 10 млн теңгеден астам ақша алған. Әйелдер колониясына түскеннен кейін ол күйеуімен бірге балаларына шындықты айтпауға шешім қабылдаған.
"Колонияға түскен кезде мен үшін ең қиыны – балаларымның балалық шағының маңызды сәттерін өткізіп алып жатқанымды түсіну болды. Балаларға ауыр тимесін деп, күйеуім екеуіміз шындықты айтпауды шештік. Оған қоса, олардың анасы жазасын өтеп жатқанын айтуға қатты ұялдым. Телефон арқылы балаларға ұзақ мерзімді іссапарда жүргенімді айтатынмын. Осылайша, бес жыл өтті", – деді ол.
Шындық тек түзету мекемесінде өткен Ашық есік күні белгілі болған. Оған әйелдің бес баласы да келген. Анасы жоқ кезде үлкен ұлы университетке оқуға түссе, қамауға алынған кезде небәрі екі жаста болған кенже қызы бірінші сыныпқа барған.
Қазір әйел бостандыққа шығуға дайындалып жатыр. Алты жылдық жазасының аяқталуына тура алты ай қалған.
Түзету мекемесінің әкімшілігі мұндай отбасылық байланысты сақтаудың сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделуі үшін аса маңызды екенін атап өтті.