Қарағанды облысының тұрғындарынан 16 қыркүйекте сабыр сақтауды сұрады

Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 16 қыркүйекте Қарағанды облысында халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сағат 10:55-те "Баршаның назарына!" сигналы бойынша электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, өңірдегі барлық дыбыстық электр сиренасы жоспарлы тексеру аясында қосылатынын нақтылады.

"Тексеру құлақтандыру жүйесінің дайындығын бағалауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Ал Алматыда алдағы күндері сиреналарды қосу жоспарланбаған. Қаладағы соңғы жоспарлы сейсмикалық жаттығу 2026 жылғы 14 мамырда өткен.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ