Қазақстанның ақылы жолдарында жыл басынан бері 661 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелген

Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ бүгін, 2026 жылғы 16 қыркүйекте, жыл басынан бері Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдық режимін бұзудың 661 мыңнан астам фактісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта ақылы автожолдарда жылдамдықты бақылаудың екі тетігі қолданылады.

11 учаскеде көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қанша уақытта жүріп өткенін анықтап, оның орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді. Аталған механизм 2025 жылы енгізілген.

2026 жылғы 1 қаңтардан 14 қыркүйекке дейін орташа жылдамдықты бақылау нәтижесінде 518 мыңнан астам заң бұзушылық фактісі тіркеліп, тиісті органдарға жолданған. Бұл жылдамдықты асыру бойынша тіркелген барлық фактілердің шамамен 78 пайызын құрайды.

Сонымен қатар 23 ақылы жол учаскесінде белгіленген жылдамдық режимінен асып кету фактілері тікелей тиісті шектеу қолданылатын аумақта тіркеледі.

2026 жылдың басынан бері мұндай 143,2 мыңнан астам заң бұзушылық фактісі анықталған.

Сондай-ақ жол компаниясы рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырым болғанына қарамастан, көлігін 232 км/сағ жылдамдыққа дейін жеткізген жүргізушінің суретін жариялады.

Сурет: Telegram/qazavtojol

Қазақстандық жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін тек камералар орналасқан жерлерде ғана емес, бүкіл жол бойында қатаң сақтауды тағы да сұрады.

Бұған дейін біз Астана-Алматы тасжолында жүк көлігінің авариялық жарығын қоспай тоқтауы қайғылы жағдайға шақ қалдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді