Тоқаев Орта дәліздің өткізу қабілетін 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарын жариялады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы аса маңызды материалдар саласындағы серіктестікті дамытуға назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстанның минералдар мен сирек кездесетін металдар кеніне бай екенін атап өтті.

"Біз Корея Үкіметі стратегиялық басымдыққа ие ресурстар деп таныған мыс, хром, титан және басқа да элементтерді өндіреміз. Ал Кореяның озық технологияларды өркендетуде мол тәжірибесі бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы геологиялық барлау, кен орындарын игеру және аса маңызды материалдарды терең өңдеуді қамтитын толық циклді инвестициялық жобалардың тізімін жасауды ұсынды.

Президент көлік байланысын кеңейтуді де өзекті міндеттердің бірі ретінде атады. Оның айтуынша, Орталық Азияның қолайлы географиялық орналасуы тұтас Еуразияның көлік-логистика жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта басым бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының маңызы зор екенін айтты.

"Бүгінде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалдың 85 пайызға жуығы аталған бағдарға тиесілі. Өткен жылы Орта дәліз бойымен контейнерлік тасымал көлемі 36 пайызға көбейді. Биылғы сегіз айда шамамен 18 пайыздық айтарлықтай өсім көрсетті", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы екі жылда Орта дәліздің өткізу қабілетін 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Президент кореялық компанияларды осы бағыттағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

"Қазақстан Үкіметі корей серіктестерімізге арналған инвестициялық жобалар портфелін жасақтап жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді