КТК телеарнасының мәліметінше, Telegram желісіндегі "Позор Костаная" арнасында жергілікті жасөспірімдердің суреттері қорлайтын жазбалармен бірге жарияланған. Ата-аналардың айтуынша, арнаға жазылушылар саны сағат сайын артып келеді. Қазір олардың саны екі мыңнан асқан.
Айтуларынша, арна әкімшісі жазбада суреті жарияланған адам тағы бес адам туралы дәл осындай жазба жариялаған жағдайда ғана материалды өшіреді. Немесе ақша төлеген кезде өшіреді. Бағасы әртүрлі, сондай-ақ ата-аналардың сөзінше, ақша төлеген адамның деректерін де алуға болады.
Полиция бұл жағдайдан хабардар. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.
"Қызметкерлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті материалдарды жинап, тіркеп жатыр. Сондай-ақ аталған материалдарды жариялауға қатысы бар адамдар анықталуда. Осыдан кейін олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", деп мәлімдеді Қостанай қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қайрат Дәуренбеков
Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда жасөспірімдердің балалармен қауіпті "ойындар" ұйымдастырғаны хабарланған болатын.