Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі, өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Өңірдің батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең өңірдің батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі, қалған аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 18 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Оралда 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 18 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 18 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде таулы аудандарда сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.