Тоқаев "Таза Қазақстанға" үлес қосқан азаматтарды марапаттайтынын айтты

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, экологиялық бастамаларға белсенді қатысқан азаматтарды марапаттауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір қазақстандық бүгін де, болашақта да таза әрі жайлы елде өмір сүруі керек. Алайда мұндай орта өздігінен қалыптаспайды, ол әр азаматтың саналы көзқарасы мен жауапкершілігіне байланысты.

"Тазалықты ең алдымен өзімізден бастау маңызды. Ойы, ниеті таза адамның әрбір әрекеті түзу болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент "Таза Қазақстан" жобасының мақсаты елді көркейту, азаматтарды ортақ іске жұмылдыру және қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайту екенін атап өтті.

Оның сөзінше, жыл басынан бері еліміздің барлық өңірінде 600-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылған. Оларға 7 миллион адам қатысып, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылған. Сонымен қатар Қазақстан бойынша 1,3 миллион тал егілген.

"Бұл – азаматтарымыздың Отанымызға деген таза ниеті, шынайы қамқорлығы және ең бастысы, еңбекқорлығы", – деді Президент.

Тоқаев экологиялық жұмыстарға белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, оларды мемлекеттік деңгейде марапаттау қажет екенін айтты.

"Осындай нағыз отаншыл, патриот азаматтарды мемлекетіміз марапаттауы керек. Алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің мерейлі тойында бұл құрметті міндетті орындаймын", – деді Мемлекет басшысы.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді