Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды - Тоқаев

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық пен тәртіп сақтау қазақстандықтардың күнделікті мінез-құлқы мен ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, тазалық, тәртіп және жайлылық қоғамның тұрмыс мәдениеті мен өркениет деңгейінің көрсеткіші саналады.

Тоқаев жуырда Астана мен Алматыға келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығы мен жинақылығына таңғалып, оларды басқару деңгейіне жоғары баға бергенін атап өтті.

"Әлеуметтік желілерде ірі қалаларымыздың келбетіне тәнті болған шетелдік қонақтар мен туристердің бейнежазбаларын жиі байқаймыз. Көрікті қоғамдық кеңістіктер, қауіпсіздік пен жайлылық шетелде Қазақстанға қатысты оң пікір қалыптастырады", – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елдің сыртқы имиджі үшін ғана жұмыс істеуге болмайтынын атап өтті.

"Біз имидж үшін жұмыс істемей, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлауымыз керек. Басты мақсат – осы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ел ішіндегі оң өзгерістер халықтың патриоттық сезімін күшейтіп, азаматтарды туған жеріне пайдасын тигізуге ынталандыратынын айтты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған