Мемлекет басшысы елді дамыту үшін азаматтар адал, шыншыл әрі жауапты болуы керек екенін атап өтті.
"Осы жолда бәріміз белсенді жұмыс істеуіміз керек. Қасиетті Отанымызды дамытудың бұдан басқа жолы жоқ. Бәріміз адал, шыншыл және жауапты да болуымыз қажет", – деді Тоқаев.
Президент сөздің де үлкен жауапкершілік екенін айтып, ойланбай айтылған сөздің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.
"Кейбір уақытта байқалмай айтылған сөздердің зияны басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда қауіпті болады. Соны ешқашан ұмытпаңыздар", – деді ол.
Тоқаев азаматтарды елдің болашағын ойлап, Қазақстанға қамқорлықпен қарауға шақырды.
"Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз аман болса, сіздер де, отбасыларыңыз да бақытты болады, төрт құбыламыз түгел болмақ. Қазақстанның күшті, мықты ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет", – деді Мемлекет басшысы.