Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 21 қыркүйекте Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) Mercedes E-Class, Toyota Highlander және Nissan Pathfinder көліктері қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш көлік те солтүстік бағытта қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, 2002 жылы туған жас жігіт басқарған Mercedes жүргізушісі көлікті агрессивті жүргізіп, жолақтан жолаққа күрт ауысқан.

Сурет: Zakon.kz

Алайда мұндай қозғалыс ұзаққа созылмаған. Бір сәтте Mercedes көліктердің арасындағы орынға сыймай, Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Соққыдан кейін екі көліктің де жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Toyota инерциямен сол бағытта келе жатқан Nissan Pathfinder-ге соғылған. Салдарынан үш көлік те жолдан шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Mercedes жол жиегіндегі арыққа аударылып түсіп, жол бойындағы белгіні қағып кеткен. Ал Toyota мен Nissan да жолдан шығып, арықтан "секіріп өтіп", оның үстінде салбырап қалған.

Жол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Қазір ШААЖ-дың солтүстік бағытында бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көліктердің өзі жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп тұрған жоқ.

Алайда апат салдарын көру үшін тоқтап немесе жылдамдығын бәсеңдеткен жүргізушілер кептелістің пайда болуына себеп болып жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді