Дәстүр бойынша, Qazaqstan IGF Қазақстандағы интернетті басқару мәселелері бойынша ашық әрі нәтижелі диалог орнату үшін мемлекеттік органдар, бизнес және IT-қоғамдастық, азаматтық сектор және академиялық орта өкілдерін біріктіреді.
Биыл форумның басты назарында, Цифрлық кодексті іс жүзінде қолдану, жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау және елдің интернет-инфрақұрылымының орнықты дамуын нығайту мәселесі.
Форумның негізгі тақырыптары:
- Жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану
- Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі
- Парламенттік бастама: Цифрлық кодексті іске асыру
- Қазақстандағы цифрлық активтерді реттеу
- "Цифрлық құқықтардың сақталуы рейтингі – 2026" нәтижелерінің таныстырылымы
- Интернетті көп тарапты басқару – орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру тәсілі және басқа да мәселелер.
Сурет: IGF Qazaqstan
"Цифрлық экономикаға арналған цифрлық мамандықтарды даярлау" сессиясы аясында Киберқұқық мектебінің сарапшылары "Заңгерлерге арналған ЖИ" атты жаңа курсты таныстырады. Курс мамандарға IT-жобалар мен жасанды интеллект технологияларын құқықтық сүйемелдеу үшін қажетті алгоритмдермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын береді.
Qazaqstan IGF 2026 ұйымдастырушылары: "Eurasian Digital Foundation"қоры және "Қазақстанның цифрлық құқықтар орталығы" заң фирмасы. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен, Freedom Holding Corp., Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Maqsut Narikbayev University және "BlockchainKZ" қауымдастығымен серіктестікте өткізіледі. Форумға Алматы қаласында офлайн қатысуға немесе онлайн трансляцияға қосылуға болады.
Форумға тіркелу үшін Qazaqstan IGF сайтына кіріңіз. Онлайн трансляция қарастырылған.
Жаһандық Интернетті басқару форумының (The Internet Governance Forum, IGF) бір бөлігі ретінде IGF-тің ұлттық бастамалары төрт құрлықтағы 106 елде ұсынылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшылығының қамқорлығымен өткізіледі. IGF ұлттық бастамасы көп тарапты диалог орнатуға ықпал етеді және БҰҰ-ның №9 "Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым", №16 "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" және №17 "Орнықты даму жолындағы әріптестік" орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) сәйкес келеді.
Серіктестік материал