Жас жігіт колледжде күндізгі бөлімде оқып жатқанын айтып, әкесінен оқу мерзімі аяқталғанға дейін алимент өндіруді сұраған.
Істі қарауға дейін судья-медиатор қос тарапқа дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін түсіндіріп, татуластыру рәсімін өткізді.
"Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды", – деп хабарлады 2026 жылғы 21 қыркүйекте соттың баспасөз қызметі.
Келісім шартқа сәйкес, әкесі 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2027 жылғы 25 маусымға дейін ұлына ай сайын 40 мың теңге төлеуге міндетті.
Сот тараптар арасындағы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сондай-ақ тараптарға қабылданған шешімнің құқықтық салдары түсіндірілді.