"ҚТЖ – Жүк тасымалы" компаниясының бұрынғы үш басшысы ұсталды
Фото: pixabay
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры, оның орынбасары және департамент директоры сыбайлас жемқорлыққа күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9-10 қарашада "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және компанияның сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталған.
Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен үшеуі де екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript