Министрдің айтуынша, ішкі істер органдары жолдардың жағдайын күн сайын тексереді.
"Әкімдіктер мен жол ұйымдарына тиісті нұсқамалар енгізіледі. 5 мың лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде аудан және ауыл әкімдеріне қатысты 487, ал "ҚазАвтоЖол" филиалдарының басшыларына қатысты 345 әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Сонымен қатар жолдарды тиісінше күтіп ұстамау деректері бойынша төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Ержан Сәденов.
Оның сөзінше, тексеру барысында аудан және ауыл әкімдері, сондай-ақ басқа да жауапты тұлғалар жол инфрақұрылымына қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін алға тартқан.
"Осыдан кейін ауыр зардаптарға жол берілсе, мәселе облыс басшылығының жауапкершілігі тұрғысынан қаралады", – деді ІІМ басшысы.
Бұған дейін Ішкі істер министрі әкімдіктердің жұмысына қатысты сын айтқан еді.