Оның сөзінше, еліміздегі патрульдік көліктердің саны 3 мыңға жеткен. Алайда олардың 86%-ы мобильді кешендермен жабдықталмаған.
"Бұл мұндай патрульдік қызметкерлердің жасанды интеллект элементтерін пайдалану, жылдамдықты асыру деректерін және іздеудегі көліктерді анықтау, сондай-ақ оқиға орнына барған кезде қажетті мәліметтерді жедел жинау мүмкіндігі шектеулі екенін білдіреді. Бұл цифрлық шешімдер жергілікті бюджет есебінен сатып алынады. Алайда әкімдіктер бұл жұмысты барлық жерде бірдей белсенді жүргізіп отырған жоқ", – деді Ержан Сәденов.
Министр 14 өңірдегі жағдайға қатысты мәселе көп екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қарағанды, Қызылорда, Жетісу, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында полиция көліктерінің мобильді кешендермен жабдықталу деңгейі 17%-дан аспайды.
Бұған дейін 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның автожолдарына 48 лазерлік жүйе орнатылатыны хабарланған еді.