Қазақстан полициясына 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді

Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте полиция қызметкерлерінің тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер одан бюджетте күштік құрылымдарға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің санын арттыруға қосымша қаражат қарастырылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады.

"Қазір патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жетіспейтіні жасырын емес. Патрульдік полицияға кемінде тағы 10 мың қызметкер қажет. Өйткені олар қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, жол қауіпсіздігі мен қала сыртындағы тасжолдардағы тәртіпке де жауап береді", – деді Игорь Лепеха.

Ол көптеген мәселедегі кемшіліктер мен олқылықтар полиция қызметкерлерінің тапшылығына байланысты болуы мүмкін екенін айтты.


"Жаңа шағынаудандар, учаскелік полиция пункттері, елді мекендер мен мектептер үнемі салынып жатыр. Осыған байланысты учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға қажеттілік артып келеді. Бұл санаттағы қызметкерлер жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазір әкімдермен бюджет мүмкіндігіне қарай, ең алдымен, осы бөлімшелердегі қызметкерлер санын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жергілікті әкімшілік полицияның өзіне 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді", – деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін кейбір жүргізушілердің айыппұл төлеу кезінде берілетін жеңілдіктен айырылатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды