23 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото: unsplash
2026 жылғы 23 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы және орталық өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің қалған аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді.

"Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.

Өрт қаупінің жоғары деңгейі Павлодар және Қарағанды облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында болжанып отыр.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан