Тоқаев Қытай компанияларымен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың бірқатар ірі компаниясының басшыларымен кездесіп, энергетика, цифрландыру және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында жарияланды.

Мемлекет басшысы Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясының басшысы Инь Цайванмен, VNET Group басшысы Чэнь Шэнмен, Shanghai Junhe Atomic Technology басшысы Тянь Цзяшумен және Silk Road Finance Corporation басшысы Ли Шаньмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті технологиялық және өнеркәсіптік тұрғыдан дамыту мәселелері қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының Қазақстанға келуін елге деген жоғары сенімнің белгісі екенін атап өтті. Президент Қазақстанның инвестиция тарту, технологияларды локализациялау, бірлескен зерттеулер жүргізу, таланттарды қолдау және құзыреттер орталықтарын құру бағыттарында қытайлық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтты.

VNET Group Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтары алқабын және жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Ал Shanghai Junhe Atomic Technology компаниясымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, табиғи уранды өңдеуден бастап ядролық отын өндіру және шағын модульді реакторлар орнатуға дейінгі толық өндірістік тізбек құру мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясының Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция құйғаны айтылды.

Қытай компанияларының басшылары Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту шараларына оң баға беріп, дәстүрлі энергетикамен қатар басқа да салаларға инвестиция көлемін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты