"Диапазон" газетінің жазуынша, Шалқар қаласының 18 жастағы тұрғыны, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бірінші курс студентіне қатысты сот осындай үкіммен аяқталған.
Ол кәмелетке толмаған баланы бұзақылық ниетпен өлтірді деп айыпталған.
"Сотталушы қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағанын ескере отырып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол қаза тапқан жасөспірімнің ата-анасына моральдық зиян үшін 15 миллион теңгеден, материалдық шығын мен адвокат қызметіне кеткен шығын ретінде 2 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге тиіс", – делінген хабарламада.
Сот процесінде сотталушы өзін-өзі қорғағанын айтып, осы нұсқаны ұстанған. Алайда айыптау тарапы оның бұл мәлімдемесін жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп бағалаған. Ал қаза болған жасөспірімнің ата-анасы айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Қайғылы оқиғаның құрбаны 17 жастағы Әлихан Жәнібек болды. Ол әскерде қызмет етіп, кейін жоғары оқу орнына түскісі келген. Алайда 20 наурызға қараған түні "аудан-аудан" болып жанжал кезінде кеуде тұсына аңшылық пышақ сұғылып, қаза тапқан.
Жанжал "Маяк" пен "Рабочий" аудандарының жасөспірімдері арасындағы қақтығыстан басталған. Таныстарының жарақат алғанын естіген 18 жастағы студент Оралдан Шалқарға оралып, өз тобымен бірге қарсы тараппен кездесуге барған. Кездесу соңы адам өліміне әкелген.
Сот процесінің қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментіне қатысты жеке қаулы да