Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүретіні болжанады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 28 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 28 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында, орталығында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 28 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында, орталығында тұман түседі, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі, түнде топырақтың беті қатып, 1 градус суық болады, үсік түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүретіні болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 28 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 28 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік түседі деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі, сондай-ақ түнде 3 градус суық болып, үсік жүретіні болжанады.
Түнде Жамбыл облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. 28-30 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28-30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, ал түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі, түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 28 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал күндіз облыстың орталығында дауыл соғады, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 28 қыркүйекте кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын.