Мамандардың мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында енгізіледі. Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Жол жабылған кезеңде Тараздан Қаратау бағытына қарай жүретін көліктер үшін облыстық маңызы бар Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент және Аса – Қарабастау автожолдары арқылы балама бағыт ұйымдастырылады", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Шымкенттен Тараз бағытына қатынайтын ауыр жүк көліктері үшін "Жаңа Құйық асуы" арқылы жүруге мүмкіндік беріледі.
"Жүргізушілерден енгізілген шектеулерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптары мен жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Республикалық автожолдардың жағдайы мен қолданыстағы қозғалыс шектеулері туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Бұған дейін Алматы маңындағы тасжолда жүк көліктерінің қозғалысына 2026 жылдың соңына дейін шектеу қойылатынын хабарлаған едік.