Алматы маңындағы тасжолда жүк көліктерінің қозғалысы жыл соңына дейін шектеледі
Фото: unsplash
2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап Алматы – Бішкек тасжолының Қаскелең маңындағы бөлігінде ірі көлемді және ауыр салмақты көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, шектеу жолдың 25-шақырымында көлік айрығының монолитті аралық құрылымын орнатуға байланысты енгізіледі.
Шектеу 2026 жылдың соңына дейін қолданылады.
Тыйым биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын жүк көліктеріне қатысты. Жеңіл автокөліктер, жолаушылар көлігі және белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктері еш кедергісіз жүре алады.
Ірі көлемді көлік жүргізушілеріне бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды таңдауға кеңес берілді.
2026 жылғы 6 қыркүйекте ірі көлемді құрылымды тасымалдау Алматының негізгі көлік күретамырларының бірінде елеулі қиындық туғызған еді. Рысқұлов даңғылында жүк жолдың жүріс бөлігіне құлап, жаяу жүргіншілер көпіріне зақым келді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript