Алматы облысында 30 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 2026 жылдың 3 қыркүйегінен бастап "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – "Астана – Алматы" тас жолы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 3 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап Алматы облысында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – "Астана – Алматы" автомобиль жолының 20-шақырымындағы Көктерек ауылынан 51-шақырымдағы Ақсай ауылына дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
"Аталған учаскеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты көлік құралдары үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылды. Айналма бағыт республикалық маңызы бар "Алматы – Қонаев", "Қонаев – Құрты", "Алматы – Шелек – Қорғас" және жергілікті маңызы бар "Байсерке – Әли" автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашу жоспарланған", делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен уақытша қозғалыс сызбасын сақтауға кеңес беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript