Қазақстанда 23 наурыздан бастап жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады: не белгілі

Фуры, фура, грузовые машины, грузовая машина, грузовик, грузовики, перевозка груза, груз, грузоперевозки, грузовые перевозки, трасса, дорога, логистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 13:55 Фото: unsplash
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл шаралар жыл сайын көктем мезгілінде, яғни қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады.

"Шектеулер жол жабындысының бұзылуын болдырмауға бағытталған".

Осылайша, 23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы автожолдарда қозғалыс шектеледі.

"Бұл ереже жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты болып табылады және 1 мамырға дейін жалғасады",- деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде осыған ұқсас көктемгі шектеулер қазірдің өзінде енгізіліп қойған.

Олар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болады.

Министрлік бұл шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайтындығын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда дәрілік заттарды сақтау қағидалары өзгергендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: