Алматыдағы көшелердің бірінде екі күнге көлік қозғалысына тыйым салынады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, 4 сәуірде сағат 05:00-ден 6 сәуірде, сағат 06:00–ге дейін Ахмедьяров көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.
Бұл аумақты Сызғанов, Иванилов және Ескендіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.
"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бұған дейін Жезқазғанда көше ортасында жеңіл көлік отқа оранғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript