Алматыда Желтоқсан көшесі екі күнге жабылады

Алматыда Желтоқсан көшесі екі күнге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 17:50 Сурет: Zakon.kz
Алматыда BRT жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу 29 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 30 шілде сағат 21:00-ге дейін болады. Жол Сәтбаев көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі аралықта жабылады.

Almaty_Joly Telegram-арнасының мәліметінше, жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде де жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: