Алматыда 29 шілде мен 31 тамыз аралығында көшелердің бірі жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 16:39 Фото: Zakon.kz
Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысында 1965 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 4,1 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылып жатыр.

Осыған байланысты 2025 жылы 29 шілдеден 31 тамызына дейін Лавренев көшесінің батыс жағында Наманганская көшесі, 43а үйден Майлин көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі. Қос бағыттағы қозғалыс көшенің шығыс жағында ұйымдастырылады.

Құбырдың жол бойының астынан өтетін бөлігін қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Қайта жаңарту кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі.

Аталған жылу трассасы 42 көпқабатты тұрғын үйді, балабақшаны, емхананы және тағы 4 нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карты" сервистерінде жарияланады. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: