Алматы орталығында көше учаскесі жабылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда Наурызбай батыр көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы Су" ақпаратынша, 29 қазан күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі қиылыстағы Наурызбай батыр көшесі бойында автокөлік қозғалысы жабылады.
"Уақыт шектеулері осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астына салынған су құбырының авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен байланысты.Маршруттарды алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы схемасының уақытша өзгерістерін ескеруді сұраймыз".Алматы Су
Бұған дейін Алматыда ықтимал су басып қалуды болдырмау үшін арнайы техника дайын екендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
