Алматыдағы бір көше бір айға жабылады

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 15:15 Фото: Zakon.kz
Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жобасы аясында Жуалы көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 29 маусым күні сағат 08:00-ден 29 шілде күні сағат 08:00-ге дейін Жуалы көшесінің Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.

Бәйкен Әшімов, Жұманиязов көшелері арқылы айналып өтіп, әрі қарай Төле би көшесіне шығады.

"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйымның жауапты басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланып отырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: