Алматыдағы Розыбакиев көшесінде қозғалыс алты сағатқа жабылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық қызметтердің мәліметінше, 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралығы екі бағытта толық жабылады.
Шектеу істен шыққан электр беру желілерінің тіректерін бөлшектеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Жұмыстар аяқталған соң қозғалыс қайта ашылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Сонымен қатар Алматыда құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Строительная көшесінде және Абай даңғылы мен Строительная көшесінің (дублер) қиылысында қозғалыс кезең-кезеңімен шектелуде. Бұл шектеулер 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 маусым аралығында жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript