Алма-Арасан шатқалындағы жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota RAV4 көлігін тізгіндеген қыз оңтүстік бағытта келе жатқан. Қарсы бағытта, солтүстікке қарай Hyundai Accent қозғалып келе жатқан. Hyundai қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысқан.
Қатты соққыдан Toyota жол шетіне ығысқан. Ал Hyundai аударылып, төбесіне түскен күйі жолдан шығып кетіп, ағаш пен газ құбырының тірегіне соғылған.
Апат кезінде Hyundai көлігінің тізгініне нақты кім болғаны әзірше анықталған жоқ. Оқиға куәгерлері мен қатысушылардың айтуынша, көлікте болған адамдар бір-біріне қарама-қайшы жауап беріп, рөлде өзге адамның отырғанын айтып, жауапкершілікті бір-біріне жүктеген.
Жүргізушінің жеке басын анықтау үшін оқиға орнына криминалист шақырылды. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.


