Астанада пәтерден 3,5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын ашты. Қылмыс салдарынан жәбірленушіге 3,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Анықталғандай, елорда тұрғыны үйінен шығар кезде пәтерінің кілтін есіктің сыртында қалдырып кеткен. Кейін үйіне оралған әйел пәтерінің ішінде бейтаныс ер адамды көрген.

Әйел есікті қағып, ер адамнан пәтерден шығуын талап еткен. Сол кезде ер адам есікті ашып, пәтерден жүгіріп шығып, қашып кеткен. Әйел бірден полицияға хабарласқан.

Тергеу барысында пәтерден зергерлік бұйымдардың ұрланғаны анықталды.

Атап айтқанда, төрт гауһар тасы бар алтын сақина, үш алтын алқа және үш жұп алтын сырға қолды болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3,5 миллион теңгеден асты.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Ол — бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы ер адам. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда