Қазақстанда компанияларға дербес деректердің таралуына байланысты айыппұлды арттыру ұсынылды

Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев 2026 жылғы 29 қыркүйекте Kazhackstan.com форумының кулуарында қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына жол берген заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Досжан Мұсалиев 2025 жылы Киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

"Алайда ірі компаниялар үшін бұл айыппұлдардың кейде айтарлықтай әсер етпейтінін көріп отырмыз. Сондықтан айыппұл мөлшерін бірнеше есе арттыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Қазір ең жоғары айыппұл 2 мың АЕК-ті құрайды. Бұл шамамен 10 млн теңге. Қайталанған заң бұзушылықтар үшін, сондай-ақ ірі заңды тұлғаларға салынатын ең жоғары айыппұлды 5 мың АЕК-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тиісті заң жобасы мен ұсыныстар дайын. Енді оларды бизнес өкілдерімен талқылау қажет.

"Сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісіп, Құрылтайдың қарауына енгізу қажет болады", – деп қорытындылады спикер.

2026 жылғы 18 наурызда Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда дербес деректердің таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін