Шахтадағы адам өліміне қатысты іс: заңсыз алтын өндіруші жалған жауап бергені үшін сотталды

Фото: pixabay
Ақмола облысында қылмыстық іс бойынша берген жауабын өзгертіп, жалған көрсетіні берген Қазақстан азаматы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-тергеу әрекеттері мен сот отырысы кезінде жалған жауап беру фактісіне қатысты істі Көкшетау қалалық соты қарады.

Ақмола облыстық сотының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі мәліметінше, Экономикалық тергеу департаменті заңсыз алтын өндірумен айналысқандарды ұстаған. Олардың арасында сотталушы да болған. Олар үшінші тұлғалардың көмегімен ақшаға алтынды заңсыз өндіру үшін шахталарға түскен.

Полицияда сотталушы куәгер ретінде жауап беріп, шахтаға басқа адамның көмегімен түскенін айтқан. Ол жауап алу хаттамасына қол қойып, жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертілген.

"Ш. Э. және басқа да адамдардың күзетілетін нысанға заңсыз кіруіне, абайсызда адам өліміне әкеп соққанына, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында бағалы металдар мен асыл тастарды заңсыз айналымға шығарғанына қатысты қылмыс жасағанын әшкерелейтін жауап берді. Бұл жауаптар басқа куәгерлердің көрсетулерімен және іс бойынша жиналған дәлелдермен расталды", – делінген сот хабарламасында.

Кейін тергеу барысында сотталушы Ш. кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен арашалау мақсатында беттестіру кезінде жалған жауап берген. Ол аталған адамдардың өзінің шахтаға заңсыз түсуіне қатысы жоқ екенін айтқан.

Бірінші және апелляциялық инстанция соттарында да ол айыпталушылардың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, жалған жауап берген.

Алайда сот істі қарау барысында аталған адамдардың оны ақша үшін шахтаға түсіргенін анықтады. Сот сотталушының алғашқы жауабын шынайы, кейінгі жауаптарын жалған деп таныды.

Осыған байланысты сот прокурорға жеке қаулы шығарып, оның негізінде жалған жауап беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот үкімімен ер адамға ҚР жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін