Айта кетейік, Мемлекет басшысының Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Момынов және Тіленшин көшелеріндегі өткелдердің негізгі құрылысы өткен жылы басталған. Жобалар қаланың аудандары арасындағы байланысты күшейтуге, көлік қатынасын жақсартуға және қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткел теміржолдағы пойыз қозғалысының жоғары қарқындылығына байланысты ерекше маңызды. Бұл учаске арқылы тәулігіне орта есеппен 59 пойыз өтеді. Соның салдарынан теміржол өткелі 10-20 минутқа жабылып, көлік кептелісін туындатып, жол жүру уақытын ұлғайтатын.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа нысан автомобиль және теміржол қозғалысын бір-бірінен бөліп, көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа жол өткелі – биыл пайдалануға берілген екінші нысан. Қаңтар айында Момынов көшесіндегі автокөлік өткелі ашылған болатын. Екі нысан да автокөлік жолы және теміржол желісінің қиылысындағы көлік қатынасын жақсартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту Шымкенттің даму қарқынына сай жүргізіліп, қаланың әр ауданындағы тұрғындардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс.
Тіленшин көшесіндегі жол өткелі ашылғаннан кейін оның айналасындағы аумақты абаттандыру жұмысы жалғасады. Жол өткелінің іске қосылуы іргелес көшелердегі қозғалыс жағдайын жақсартуға, теміржолдан өтудегі қауіпсіздікті арттыруға және қала тұрғындарының жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.