Қала аумағына бейнебақылау камералары арқылы тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Жыл басынан бері абаттандыру және қоғамдық орындарды күтіп ұстау талаптарын бұзу бойынша 2 571 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қоршаған ортаны ластауға қатысты 152 құқық бұзушылық тіркелді.
Сурет: Ұлытау облыстық ПД
Азаматтарға ескертеміз: габаритті тұрмыстық қалдықтарды, жиһазды, тұрмыстық техниканы және құрылыс қалдықтарын контейнерлерге немесе олардың жанына ретсіз қалдыруға болмайды.
Полиция облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.