NVIDIA вице-президенті еліміздегі ЖИ инфрақұрылымының дамуын жоғары бағалады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы мен NVIDIA компаниясының вице-президенті өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасқанына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды.

Сурет: akorda.kz

Кездесуде Екібастұзда "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуаттылығы шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған.

Президент осы бастаманы табысты жүзеге асыру үшін NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызына тоқталды.

Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA компаниясының "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасының келесі кезеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қазақстанның кадрлық әлеуетін және технологиялық экожүйесін дамыту мәселелері қарастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін