Лионель Месси "Эльденсе" футбол клубын сатып алды

Сурет: instagram/leomessi
Аргентиналық Лионель Мессидің басшылығымен испандық футбол клубы жаңа кезеңге қадам басады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лионель Месси "Эльденсе" футбол клубын сатып алды. Бұл туралы клубтың өзі 2026 жылғы 1 қазанда ресми түрде мәлімдеді.

"Спорт тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі CD Eldense клубының иесі ретінде Испанияның кәсіби футболына келуі клубтың спорттық, институционалдық және әлеуметтік бағыттарын дамытуға арналған ұзақ мерзімді жобаның басталғанын білдіреді", – делінген клуб хабарламасында.

"Эльденсе" – Аликанте провинциясындағы Эльда қаласының Испания футбол клубы. Ол Валенсия автономды қауымдастығында орналасқан. Клуб 1921 жылғы 17 қыркүйекте құрылған.

"Клуб өз позициясын нығайтып, кәсіби футболда дамуды мақсат етіп, жаңа кезеңге қадам басып отыр. Сонымен қатар өзінің тамыры, тарихы және көк-қызыл дәстүрлерін сақтап, насихаттауды жалғастырады", – делінген клуб хабарламасында.

Алайда мәміленің бір маңызды тұсы бар. Испанияның Спорт жөніндегі жоғары кеңесі (CSD) Спорт туралы заң талаптарына сәйкес келісімді міндетті түрде мақұлдауы тиіс.

Бұл Мессидің футбол клубын алғаш рет сатып алуы емес. 2026 жылғы сәуірде ол Каталонияның бесінші дивизионында өнер көрсететін "Корнелья" клубын сатып алған болатын.

2026 жылғы 30 қыркүйекте Аргентина 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы матчында жеңіске жетті. Бұл кездесуге ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырған аңыз футболшы Лионель Месси қатысқан жоқ.

Футбол
Месси Лионель

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін