Шығыста қараусыз қалған қарбыз алқабы табылды

Сурет: pexels
Өскемен тұрғындары алқапта қараусыз қалған қарбыз егістігін байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz жазуынша, қарбыз алқабы Қалбатау ауылының маңында орналасқан. Жарияланған кадрларда алқапта жатқан жүздеген қарбызды көруге болады. Оларды құстар шоқып жеп жатыр.

"Қарбыздары қызыл, тәтті, ала бер, қалағаныңша", – деді видео авторы.

Қарбыздардың неліктен жиналмағаны және өнімді алқапта кім қалдырғаны әзірге белгісіз. Басылым бұл көріністің бір жағынан таңғаларлық, екінші жағынан көңілге қаяу түсіретінін атап өтті. Себебі дастарқанға түсуі мүмкін болған өнім біртіндеп құстардың жеміне айналып жатыр.

2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова биыл Қазақстанда шамамен 23 млн тонна астық жинау жоспарланып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, биылғы өнім рекордтық көрсеткіштерден төмен болғанымен, орташа деңгейден жоғары болады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін