Тоқаев: Жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болуы керек

Фото: akorda.kz
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект жаңа цифрлық дәуірде елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналғанын атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ-ның Өнеркәсіптің дамуы туралы 2026 жылғы есебінде жасанды интеллект әлем экономикасының келбетін өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің бірі ретінде танылған. Соңғы бес жылда жасанды интеллектке қатысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен.

"Енді табиғи ресурстар және капитал мен нарық үшін ғана емес, өндіріс тиімділігі үшін де бәсекелестік қыза түсті. Қазақстан осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуі қажет. Басты міндет – еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық жаңғыруды жеделдету және қосылған құны жоғары өнім өндіруді кеңейту. Осы жұмыстарды атқаруда жасанды интеллект негізгі құралдардың бірі болуға тиіс", – деді Президент.

Мемлекет басшысы 2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге бағытталған жасанды интеллектінің ұлттық кешенді экожүйесі қалыптасып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, биылғы сегіз айда өнеркәсіптегі өндіріс көлемі шамамен 46 трлн теңгеге жеткен. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға өскен.

Сонымен қатар Президент экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін еңбек өнімділігін арттыруға, өнеркәсіп базасын жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық беру қажет екенін айтты.

"ЖИ-дің шынайы құндылығы сол – адам әлеуетін күшейтеді. Өнеркәсіптегі саясатымыз осы қағидатқа негізделген", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің негізгі құндылығы адам мүмкіндігін арттыруда екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл технология инженерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, басшыларға талдау деректеріне сүйене отырып жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін