2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын шетелден Астанаға жеткізді.
Сурет: ҚР ҰҚК
Тергеу мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген. Күдікті 2021 жылдан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Қазір ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.