Жексенбіде "Қазгидрометтің" болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте нөсер жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде дауылды жел соғады. Солтүстік-батыста көктайғақ болады. Ел аумағында түнде және таңертең тұман болжанады.
Атырау және Павлодар облыстарында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында, Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда және Ұлытау облыстарында, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі, батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.