"Көктайғақ болады". Еліміз бойынша 5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 5 қазанға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде "Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады деп күтіледі.

Республикамыз бойынша жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады, түнде және таңертең еліміздің басым бөлігі тұман түседі деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша 4-6 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін