Абай мен Саин көшелерін ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жұмыстары қалай жүріп жатыр: жаңа кадрлар жарияланды

Фото: primeminister.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Абай даңғылы мен Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту жұмыстарының барысымен, сондай-ақ жол желісін дамытуға бағытталған өзге жобалармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 4 қазанда жұмыстардың жай-жапсарын баяндады:

"Абай даңғылы мен Саин көшесінде жер учаскелерін сатып алу, инженерлік желілерді көшіру және жол негізін салу жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі міндет – жыл соңына дейін көлік қозғалысын ашуға қажетті жұмыстарды аяқтау".

Радиалды жолдарды ҮАААЖ-ға дейін ұзарту Алматы мен оның агломерациясының көлік жүйесін дамыту үшін маңызды екені атап өтілді.

Жобалар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ қала әкімі Жұбанов, Солтүстік айналма, Хмельницкий және Мұқанов көшелерін ұзарту жұмыстарының барысын тексерді.

Осы жобаларға жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарына кірісу үшін жер учаскелерін сатып алу мен инженерлік коммуникацияларды көшіруді жеделдету тапсырылды.

Жол желісін дамыту жұмыстары көлік жүктемесінің артуы мен қала қажеттіліктерін ескере отырып жалғасып жатыр.

Сонымен қатар әкімдік жол нысандарын жұмыс бабымен аралау сәтінен видео жариялады. Онда Абай даңғылы мен Саин, Жұбанов, Хмельницкий, Мұқанов және Солтүстік айналма көшелерін ұзарту жұмыстары көрсетілген.

2026 жылғы 2 қазанда Алматыда жаңа тоғай пайда болатыны белгілі болды. Негізгі жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстан
Алматы
Сатыбалды Дархан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін